- Advertisement -

Жекешелендіру Кестеге сәйкес жүргізілуде

86

- Advertisement -

Жекешелендірудің екінші толқынының кешенді жоспарына сәйкес 2013 жылы облысымыз республика бойынша алғашқылардың бірі болып, Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін жекешелендіру жұмыстарын бастаған болатын.
2013 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік нысандарын оңтайландыру жөніндегі комиссияның шешімімен облыс бойынша жекешелендіруге жататын 20 ұйым анықталса, оның ішінде 13-і коммуналдық меншікке жататын бұқаралық ақпарат құралдары (облыстық, аудандық және қалалық газет редакциялары).
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдарды жекешелендіру арқылы жеке секторға беруді ұлғайтуда облыс бойынша жекешелендірілетін ұйымдар саны тағы 20-ға ұлғайтылды.
Облыс бойынша 2014-2016 жылдардағы жекешелендіру тізбесін өзекті ету нәтижесінде коммуналдық меншіктегі 39 субъект жекешелендірілетін болып анықталды, оның ішінде 2-і «Тараз» ӘКК ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымдары. 2016 жылы жекешелендірілуге жоспарланған 6 спорт клубы комиссия отырысында қосымша қаралатын болады.
Жалпы нысандарды жекешелендіру кестесінің 2014-2015 жылдарында облыс бойынша 27 мекеме жекешелендірілуі тиіс. 2014 жылы 11 ұйым жекешелендіріліп, одан 66,2 миллион теңге түсті, оның ішінде, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Асылдандыру-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мемлекеттік қатысу үлесі 15,6 миллион теңгеге сатылды.
2015 жылы 8 ұйымды жекешелендіруден 17,7 миллион теңге түсті және 1 ұйым («Жасыл Ел Тараз» ЖШС-ның 51 пайыз мемлекеттік қатысу үлесі) кейіннен сатып алу құқығымен 3 жылға сенімгерлік басқаруға берілді. Жекешелендіруден бүгінгі күнге облыстық бюджетке 83,9 миллион теңге түсті.
2015 жылғы кестеге сәйкес сатылатын 2 ұйым («Таразэнергоорталық» АҚ мен облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКК) және 2014 жылы аукциондарға шығарылып сатылмаған 5 ұйымды («Болашақ» пен «Рауан» балалар сауықтыру лагерлері» КМҚК-дары, «Жасыл Құлан», «Тараз Тұрғын үй» және «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-ы) қосқанда барлығы 7 ұйым сатылуы тиіс.
Ұйымдардың сатылмаған мемлекеттік қатысу үлестерін әрі қарай сату жөнінде түскен ұсыныстар «Заңды тұлғаларды коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі» облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков төрағалық ететін өңірлік комиссияда қаралуда.
Сатылатын ұйымдар жөніндегі хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда және толық мәліметтері облыс әкімінің және қаржы басқармасының интернет-сайттарына беріледі. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттің жылжымайтын мүлкін жекешелендіру жұмыстары, кестеге сәйкес жалғасуда және облыс әкімдігінің бақылауында.

Сәкен АСАТОВ,
облыс әкімдігінің қаржы басқармасы
басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support