- Advertisement -

Сұранысқа сай өнім өтеді

100

- Advertisement -

 7Саид Бертенукаев,

«Достық» шұжық
цехының басшысы.

Тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудан шығу – тәуелсіз Қазақстанға оңайға соққан жоқ. Ол кездері экономикамыз әлсіз еді. Дегенмен, Елбасы Н.Ә.Назарбаев дамудың дұрыс бағытын таңдай білді. Соның арқасында тұрақтылық орнығып, ел еңсесін тіктеді. Қазақстан сол қиындықты да еңсеріп, посткеңестік мемлекеттер ішінде көшбасшы елге айналды. Аз ғана уақыттың ішінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, мәдени, рухани келбеті өзгерді.
Енді, міне Қазақстан дағдарыстың жаңа толқынына тап келіп отыр. Бұл бүкіл әлем елдерін шарпыған дағдарыс екенін айта кету керек. Қазақстандықтар үшін теңгенің еркін айналымға енуінен туындайтын қауіп жоқ. Рас, валюта нарығындағы жағдай, яғни, қарапайым халық үшін доллардың өскені, тауардың қымбаттағаны қиындау соғатыны анық. Бірақ, отандық кәсіпорындар ертең бәсекеге төтеп бере алмай, бірінен кейін бірі жабылып, елді жұмыссыздық жайласа, нағыз қиындық сонда туындар еді. Бұл ел экономикасына ғана емес, әлеуметке де кері әсерін тигізеді. Ал теңгенің еркін айналымға жіберілуі еліміздегі өндірістің өркендеуіне үлкен ықпалын тигізеді. Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралардың ең тиімді жолы осы.
Осы ретте кәсіпкерлер жайлы сөз қозғасақ, кәсіпкер үшін тұрақты табысқа жетудің бірден-бір жолы – сапалы өнім өндіру. Себебі, қазіргі таңда кез-келген адам сапалы тауар тұтынуға ұмтылады. Сондықтан, қазақстандық кәсіпкерлерге сапасы төмен әрі арзан тауар өндіріп, бір мезеттік пайдаға үміт артуы тиімсіз. Сол үшін еліміздің жаңа экономикалық саясатына сәйкес, ендігі жерде кәсіпкерлер тұтынушы сұранысына сай өнім өндіруі тиіс деп ойлаймын.
Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылында орналасқан біздің «Достар» шұжық цехы шұжықтың 20 түрін өндіреді. 17 адам жұмыс істейтін цех айына 50-55 тонна өнім шығарып, республикамыздың түкпір-түкпіріне жөнелтуде. Біздің тұтынушылардан алған алғысымыз бір бөлек, жетістіктеріміз де аз емес. Мәселен, республикалық «Халық таңдауы» конкурсына қатысып, «№1 шұжық цехы» аталымы бойынша «Алтын көшбасшы» атанып, бас жүлдені олжаладық. Сонымен қатар, 2014 жылы «Аграрлық Қазақстан» көрмесіне қатысып, сол жылы Ресейдегі Мәскеу қаласының мэрі Сергей Сабяниннен «Аграрлық Россия» көрмесіне қатысуға шақырту алдық. Келешекте де өндіріс көлемін ұлғайтып, өнімдерімізді шетелге экспорттау ойымызда бар. Бұл ауылдық жерлердегі мал шаруашылығымен айналысушылар үшін тиімді болмақ.
Бірлігімізден жаңылмай, ерінбей еңбек етіп, бірлесе қимылдасақ, кез-келген сыннан сүрінбей өтетінімізге сенімдімін.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support