Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апаты: 5 адам ажал құшты

67

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапты.

Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Көбей Нұрахметов хабарлады.

Жол апаты бүгін таңғы 7-де Алматы-Бішкек тас жолының 122-ші шақырымында болған. Жамбыл облысы Ақтерек ауылының маңында.

Мерседес пен Лада Приора бетпе-бет соқтығысқан. Алдын ала анықтау жұмыстарына сәйкес, Лада Приораның жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен.

Екі көліктің де жүргізушілері ауыр жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Лада Приорада отырған 2 жолаушы, Mercedes көлігіндегі 3 жолаушы мерт болды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Comments are closed.