- Advertisement -

Назарбаев: Қазақстанды автократияда сынаудың реті жоқ

64

- Advertisement -

pogudx6u13ggsbmqk.69bc9c9fҚазақстанды автократияда сынаудың реті жоқ. Бұл туралы бүгін, 28 тамызда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Ата Заңының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірілік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Мен білемін, кейбір кездерде бізді автократияда сынап жатады. Автократия жөнінде қалайша айтуға болады, әрбір 4-5 жылда жалпыхалықтық дауыс беруде халық өзінің президентін, парламентін сайлайды, яғни еркін баламалы сайлауда таңдау жасайды. Бізге батыс елдері өмір сүріп жатқан демократия жолы бойынша жылдам жылжу керектігін айтып жатады. Біз осының барлығын түсінеміз. Демократия  – адамзаттың дамуының жалпы даңғыл жолы, біз солай жылжып келеміз. Алайда біз азиялық қоғам екенімізді, сондай-ақ батысқа қарағанда, ерекше дәстүріміз бар екенін үнемі ескерудеміз», – деді президент.

Осы орайда елбасы азиялық өңірде діни, мәдени көзқарастар өзгеше екенін, сондықтан да байыппен алға жылжу керектігін атап өтті.

«Яғни, біздің өмірлік іс-әрекетімізді бағалау кезінде достарымызға ең алдымен азиялық қоғамның жүйесіне, тарихына, мәдениетіне, дәстүріне тереңдеп үңілуіне кеңес берер едім. Егер мемлекет құрылысына қадамымыз асығыс түрде саяси абстрактілі жүйелерге арналса, онда біз сәтсіздікке жол берер едік. Бұны біз жақын көршілес елдердің үлгісінен көріп отырмыз. Атап айтқанда, бұндай сәтсіздік апатты деңгейде болар еді», – деп түйді Назарбаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support