- Advertisement -

ҚазҰУ Клинтон жаһандық бастамасының және «Clinton Global Initiative University» университеттері желісінің мүшесі атанды

62

- Advertisement -

20150827115939.jpgӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ Клинтон жаһандық бастамасының (CGI) және «Clinton Global Initiative University» университеттері (CGI U) желісінің мүшесі атанды. Бұл беделді консорциумға кіру ұсынысын АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон өзінің ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа жазған хатында білдірген, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

CGI — ең өткір жаһандық проблемаларды шешендікпен шешуді іске асыру үшін құрылған халықаралық көшбасшылар қауымдастығы. Б.Клинтон 2015 жылы негізін қалаған ұйым көп ұзамай қауымдастыққа айналды, оның құрамына әлемнің көптеген елдерінен бизнес-көшбасшылар, филантроптар, ғалымдар мен ЖОО басшылары кірді. Жаһандық бастама әлемдегі өмір сүру деңгейін жақсартуға ұмтылатын, адамзаттың өзекті пролемаларын шешудің жолын іздеуге қатысатын адамдардың басын біріктіреді. Нью-Йоркте жыл сайын өтетін съезде қоршаған орта, білім беру, денсаулық сақтау, жаңа технологияларды енгізу және т.б. проблемалар талқыланады. Ұйым құрылған сәттен бастап әлемнің 180 елінен 400 млн астам адамға көмек көрсетті.

Аталмыш бастаманың аясында құрылған CGI U әлемнің жетекші университеттер желісін қамтиды. Бұл дамуға және дарынды студенттердің шешендік, кәсіпкерлік идеяларын қолдауға бағытталған үдемелі консорциум. CGI U университетінің негізі қаланғаннан бастап, әлемнің 145 елінен 7,5 мың көшбасшы студентке қолдау көрсетті.

CGI U желісіне кіру ұсынысы — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ жаһандық хабы және орнықты даму бойынша ЮНЕСКО өңірлік хабы ретінде жоғары беделінің көрсеткіші. Жаһандық бастамалар мен жобаларды дамыту мен алға жылжыту бойынша белсенді қызмет көптеген жетекші халықаралық қауымдастықтар мен ЖОО бірлестіктеріне мүшелік, ғылымда, білімде әлемдік деңгейге қол жеткізу ЖОО-ның рейтингінің жоғарылауына әкелді. Әрі, халықаралық сарапшылардың пікірінше, ҚазҰУ студенттік шешендік пен кәсіпкерлікті қолдау бойынша инновациялық қызметі нәтижелі.

Таяуда Нью-Йоркте (АҚШ) университеттер консорциумы мүшелерінің кездесуі өтті, олар CGI U-ға кіру бойынша ҚазҰУ-дің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Осылайша ҚазҰУ еуразиялық кеңістіктің жоғары білім беру саласының жалғыз өкілі атанды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support