- Advertisement -

Жұмыссыздық бұрынғы деңгейден төмендеді

61

- Advertisement -

800Елбасы өзінің халыққа Жолдауында алдағы онжылдықтың басты әлеуметтік мақсатын – халықтың әл-ауқатын нығайту, тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы 2020 жылға қарай елдегі жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету міндетін алға қойғаны белгілі. Бұл тұрғыда атқарылатын іс-шараларды «100 нақты қадам» аталатын дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі Ұлт жоспарында жан-жақты айқындап та берді. Міне, осы стратегиялық құжаттың «Арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау», «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» аталатын 33 және 84-қадамдарында қамтылған мәселелер сала қызметкерлеріне зор міндеттер жүктеп, атқарар ісімізге айрықша жауапкершілікпен қарауды талап етеді.
Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау мақсатында біздің облысымызда да тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдем-десудің кешенді жоспары бекітілді. Осыған сәйкес биыл өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 5,0 пайыздан асырмау, облыс бойынша барлығы 18826 адамды жұмыспен қамту жоспарланған-ды. Онда «Нұрлы жол», «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және басқа да мемлекеттік, салалық  даму бағдарламалары бойынша облыста бірқатар жұмыс орындарын ашу көзделген.
Арнайы жүргізілген мониторингтік зерделеу жұмыстарының нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін аталған кешенді жоспар 76,4 пайызға орындалып, барлығы 14389 адам (оның ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарға – 2638 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1038 адам, жастар тәжірибесіне – 1187 адам, кәсіптік оқытуға 410 адам жолданды, 165 адам шағын несие алды) жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылғаны белгілі болып отыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын қаржыландыруға биыл барлығы 1996,9 миллион теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 1891,0 миллион теңге) қаралып, оның күні бүгінге дейін 1133,7 миллион теңгесі (яғни есепті мерзімге қаралған 1264,4 миллион теңгенің 89,7 пайызы) игерілді.
Есепті мерзімде бағдарламаға барлығы  4033 адам қатысты. Олардың ішіндегі өз бетінше жұмыспен айналысушылар – 2303, жұмыссыздар 1730 бірлікті құрайды. Бағдарламаға қатысушылардың 595-і табысы аз азаматтар, 93-і мүгедектер, 1573-і жастар, 1871-і әйелдер болып отыр.
Бағдарламаның бірінші, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағыты аясында  қарастырылған 95 жобаның 93-і бойынша жұмыстар қолға алынып, 55 жоба нақты іс жүзіне асырылды. Осы бағытта барлық жобаларда 366 жұмыс орындарын құру жоспарланған болатын. Есепті мерзімде жұмыстары басталған және іске қосылған 93 жобада барлығы 357 азамат, оның ішінде 54,3 пайызы жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастырылды.
Ал екінші, ауылдық жерлерде жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу бағытына ағымдағы жылы барлығы 740,9 миллион теңге бөлініп, 429 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын. Оның ішінде 429 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 18,3 миллион теңге, 241 азаматты шағын несиелендіруге 722,6 миллион теңге қаражат қарастырылып отыр. Шағын несиелендіру бойынша уәкілетті өңірлік ұйым болып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы белгіленген-ді. Мұндай несие түрін алушылар үшін жылдық тиімді сыйақы ставкасы 6 пайызды құрайтын болады. Бүгінгі күні шағын несие алудан үміткерлер тізімдері нақтыланып, несиелендіру жұмыстары маусым айынан басталды. Есепті мерзімге 91 адамға 219,2 миллион теңгенің шағын несиесі берілді. Бұдан бөлек, мерзімінен бұрын өтелген қаражаттары есебінен 74 адам 170,2 миллион теңге көлеміндегі несиеге қол жеткізді.
Бағдарламаның 3-бағыт-ының бірінші  құрамдас бөлігі бойынша кәсіптік оқытуды  қаржыландыруға да тиісінше қаражат бөлініп, оқытумен жоспардағы 63 адамның орнына 812 азамат (оның ішінде 749-ы оқуын жалғастырушылар) қамтылды. Бүгінгі күнге дейін  оқуларын бітірген олардың 487-і жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін 541 әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, 25,2 миллион теңге қаражат немесе есепті мерзімге қаралған 26,1 миллион теңгенің 96,6  пайызы игерілгенін де атап өту жөн.
«Жастар тәжірибесі» бойынша биыл 339 жұмыс орнын құру жоспарланып, осы мақсатқа 72,5 миллион теңге бөлінді. Жыл басынан бері 525 түлекке жастар тәжірибесі мерзімін өткеруге жолдама беріліп, бұл тұрғыда есепті мерзімге қаралған 39,5 миллион теңгенің 37,2 миллион теңгесі (94,2 пайызы) игерілді.
Жұмыспен қамтудың  белсенді түрлерін  нақты іс жүзіне асырудың нәтижесінде былтырғы жылдың алғашқы тоқсанымен  салыстырғанда, биыл сәйкес мерзім ішінде өңірімізде жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыздан 4,9 пайызға, ал, 15-24 жас аралығындағы  жастар жұмыссыздығы деңгейі сәйкесінше 4,8 пайыздан 4,4 пайызға, 15-28 жас аралығындағы азаматтардың жұмыссыздығы деңгейі 7,0 пайыздан 6,1 пайызға  төмендегені байқалып отыр.
Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру ісі алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғаса беретін болады.

Сейдахмет
СЕЙТБЕКОВ,
облыс әкімдігінің жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы  басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support