- Advertisement -

Бағамның ауытқуынан пайда табамын деп айырбас пункттеріне жүгіру бекершілік — Келімбетов

63

- Advertisement -

20150824090345ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов қазақстандықтарға бағамның ауытқуынан пайда табамын деп айырбас пункттеріне жүгірмеуге кеңес берді.

Бұл туралы Ұлттық банк басшысы  КТК телеарнасындағы «Слуги народа» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Бағамның осындай ауытқуларын әлі де байқаймыз деп ойлаймын. Сондықтан, айырбас пункттеріне жүгіріп пайда табамын деу бекершілік.  Біз валютаның күн сайын, сағат сайын көтеріліп-түсуі бойынша Шығыс Еуропа елдерінің, соның ішінде Ресейдің тәжірибесін зерттедік. Жинақтарды өз шығындарымен тепе-тең ұстаған жөн», — деп кеңес берді Ұлттық банк басшысы.

Ол, «егер мұнай қымбаттаса, теңге өсетінін, арзандаса теңге де түсетінін, мұның қандай жылдамдықпен жүретінін нарық анықтайтынын» жеткізді.

«Әзірге пайыздық мөлшерлеме бұрынғыдай теңге салымдары үшін — 10%, өзге валюта үшін  —  3%. Сонымен қатар салымдар бойынша шетел валютасында 5 миллионға дейін, ал теңгеде жинақтасаңыз, 10 миллион сомаға дейін кепілдік бар. Әр тұтынушы өзі шешім қабылдайды. Орташа мерзімді  перспективада долларсыздандыру үдерісі басталады деп санаймыз», — деді Ұлттық банк басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support