Бағаларды бақылауда ұстап тұру өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы іске асуда - Жамбыл облысы

Бағаларды бақылауда ұстап тұру өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы іске асуда - Жамбыл облысы
ашық дереккөз
Бағаларды бақылауда ұстап тұру өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы іске асуда - Жамбыл облысы

20140504163559АҚШ доллары құнының өсуіне байланысты Жамбыл облысындағы бағаларды бақылауда ұстап тұру өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы іске асуда.

 Өйткені бағаны бақылауда ұстау - басты талап, дейді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова  «Егемен Қазақстан» газетінде білдірген пікірінде.

«Қазіргі таңда онда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қоры жеткілікті. Аймақтағы сауда нүктелеріндегі жағдай тұрақты. Әрине, валюта бағамының өзгеруі кейбір салаларға өз әсерін тигізбей қоймады. Мәселен, Тараздағы электроника мен тұрмыстық техника сататын дүкендер кейбір тауар түрлерін сатуды уақытша тоқтатып қойған. Алайда, акция жарияланған өнімдер бұрынғы бағамен сатылуда. Күнделікті халық тұтынатын тауарлардың бағасы да сол қалпы тұр. Тұтынушылардың қалаған тауарын сатып алуларына ешқандай кедергі жоқ. Дегенмен, енді аймақтың тұрақтандыру қоры тауар жетіспеушілігі мен баға көтерілуін болдырмауға күш жұмсау қажет. Тұрақтандыру қорында дәл қазір 33 түрлі тауар бар екен. Ұн, қант, жарма, жұмыртқа және тағы басқалар. Міне, осылардағы баға бақылауда ұсталуы қажет".

 

Ұқсас жаңалықтар