- Advertisement -

Ақтөбеде есірткі саудалаған оқушы қыз бала полицейлердің жағасын ұстатты

91

- Advertisement -

pogudx3vej7v8bvl7g.efc1e5acАқтөбеде бір қап есірткіні қолға түсірген полицейлердің өзі аң-таң болды. Өйткені, есірткіні саудалаған мектепте оқитын қыз бала болып шықты деп хабарлайды 31 арна.

Енді оқушы  он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жеткіншектің  ісі Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралып жатыр.

Бойжеткен өткен жылдың  қазан айында үйінің жанындағы гараждардың қасынан ішінде шөп салынған дорбаны  тауып алады. Ізінше тапқан заты туралы достарына  айтады. Кейін оған бір адам хабарласып тауып алған дорбаны сатуын сұрайды.

Сегіз мың теңгеге келісіп,  бейтаныс адамға сатады. Оқушы қыз дорбада  марихуана болғанын полицейлер  жауап алғанда ғана білген. Қазір іске  қатысты сот жалғасып жатыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support