- Advertisement -

Биыл «Алматы — іңкәрім менің» ретро фестивалі болмайды

74

- Advertisement -

photo_19893Жыл сайынғы «Алматы — іңкәрім менің» музыкалық ретро фестивалі биыл өткізілмейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұйымдастырушылар жаңа тұжырымдама ойлап тапты, оны әлі пысықтау керек. Сондықтан да биыл өткізбей, келесі жылы тиісті дәрежеде ұйымдастыру керек деп шештік», — деді Алматы мәдениет басқармасының жетекшісі Маркен Ахметов.

«Алматы — іңкәрім менің» ең алғаш рет 1999 жылы өткізілді. Идея авторы — Дариға Назарбаева, ол фестивальді өткізу үшін ертедегі ретро-шлягерді еске түсіретін алаң орнату керек деген талап қойды. 15 жыл ішінде фестивальді бірнеше танымал адамдар ашып, шара арқылы қазақстандық жас әртістер көрермендердің жүрегіне жол тапты.

Фестивальді Сағынай Абдуллин мен Нағима Есқалиева жүргізіп келе жатыр. Әр жылдары фестиваль қонақтары Александр Зацепин, Любовь Казарновская, Александр Буйнов, Эдита Пьеха, Пупо (Италия), «Орэра», «Ялла», Лу Бега, Крис Норман, Африк Симон, Александр Буйнов, Александр Серов, «Арабески»,Томас Андерс, Авраам Руссо, Николай Басков, Филипп Киркоров, Sandra, Натали, Army of Lovers тобы, E-type және Түрік хоры болды. «Алматы — іңкәрім менің» XV мерейтойлық шараның фотогалереясымен мына жерден таныса аласыздар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support