«Тalas Іnvestment Сompany» 491 адамды жұмыспен қамтымақ

60

1439891156_8-kopiyaЖерінің асты да, үсті де байлыққа тұнып тұрған Талас ауданы 50 мыңнан астам тұрғынның құт-мекені. Аграрлы-индустриялы өлкенің әлеуеті жыл санап артып келеді. 
Қаратау қаласында орналасқан «Тalas Іnvestment Сompany» ЖШС жылына 15 мың тонна натрий цианидін өндіре алады. 2012-2015 жылдары іске асқан жобаға 12, 9 млрд. теңге қаражат жұмсалды. Зауыт іске қосылған кезде 491 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Серіктестікке  «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша 4,5 млрд. теңге, 2013–2014 жылдары өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 1469 млн. теңге бөлінген. Серіктестік  жылына 150 мың дана 50 кг болат барабан және 18, 75 мың дана 400 кг ағаш жәшік шығаруды да жоспарлап отыр. Химия өндірісі үшін таралар шығаратын жобаның құны 250 млн. теңгені құрайды. Тұрақты жұмыспен 40 адам қамтылмақ. Сондай-ақ кәсіпорын техникалық суды биологиялық тазалаудан өткізумен де айналыспақ. Бұл үшін 500 млн. теңге жұмсалмақ. Жоба сағатына 14 тонна суды тазартуға қауатты.  Мұнда 24  адам еңбек ететін болады.

Comments are closed.