- Advertisement -

Тілегі бір елдің сенімі нық

76

- Advertisement -

Еліміздегі Республика Президенті сайлауы үдерісінде сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беріп, үш үміткердің арасынан таңдау жасаған Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде «Тағдыры тұтас, тілегі ұқсас Қазақстан халқы осы кезеңде ғасырлық мәні бар ғаламат табыстарға жетті» деп егемендік алғаннан кейінгі жылдардағы еліміздің қол жеткен жетістіктерін айшықтап атап көрсетті. Мемлекет басшысы аз ғана уақыт аралығында алаш жұртының әлеуеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі берік, беделі зор айдынды елге айналғандығын айта келіп, бойында бұлықсыған күш-қуаты, өмірден тәлім етіп алған мол тәжірибесі барда әрқашанда тілегі бір елдің тірегі болып қызмет ете беруге дайын екендігін жеткізді. Елбасының көкейкесті мақсаты өзіне сенім артқан халқының көсегесін көгерту екендігі «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде сөйлеген бағдарламалық сөзінде жұртшылықтың назарына ұсынған Қазақстанды өркендету жолындағы бес халықтық реформаның мәтінінен-ақ айқын аңғарылған.

Ұлт көшбасшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы форумда республикамыздың болашағының жарқын болуы үшін ең әуелі экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, меншік құқығына кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін, келісімшарттық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін, индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету, болашағы біртұтас ұлт құру, транспарентті және есеп беруші мемлекетті орнықтыру қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Қазақстандық сайлаушылардың айқын дауысына ие болып, президенттік орынтаққа қайта отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі айшықтап айтқандай, халқының көрсеткен қолдауы ел-жұртының қалаулысы — Елбасыға сарқылмас күш-жігер беретіндігіне және Мемлекет басшысының өзі бастамшысы болған бес халықтық реформаны жүзеге асыруда алда тұрған міндеттердің үдесінен шығатындығымызға сенімдіміз.

Гүлдара Нұрымова,
облыстық мәслихаттың депутаты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support