- Advertisement -

Су тасқыны: Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жүреді

12

- Advertisement -

Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы «Алматы-Атырау» және кері бағытта 1 рейске қосымша пойыз тағайындады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Rail-news.kz сайтына сілтеме жасап

№ 215/216 «Алматы-Атырау» пойызы мына кестемен қатынайды:

— Алматыдан 19 сәуір сағат 13:40–та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32–де келеді

— Атыраудан 21 сәуір сағат 23:16–да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50–де келеді.

Купеге де, плацкарт вагондарына да билет бар.

Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды.

Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support