- Advertisement -

Су тасқыны: зардап шеккен 3 561 отбасыға 1 миллиард өтемақы төленді

18

- Advertisement -

Бұл туралы ҚР Примьер – Минстрінің ресми ақпараттық ресурсында жарияланды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды.

Бүгінгі таңда зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы апта соңына дейін аяқталады.

Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Саяжай бойынша, егер ол зардап шеккен адамның жалғыз үйі болса, осындай тетік қолданылатын болады.

Кеңесте су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері келтірілген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ағымдағы нәтижелері туралы баяндады. Мәселен, Павлодар облысында демейшілермен бірге 119 үй бойынша залал өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанай облысында зардап шеккендер үшін Арқалық қаласынан 27 пәтер сатып алынды, 1 600 отбасына әлеуметтік көмек төленді. Ақтөбе облысында 44 отбасына 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді; 57 жаңа үйдің құрылысы басталды.

Әкімдіктердің жедел деректері бойынша бүгінде зардап шеккен үйлер саны – 9 627, оның ішінде 9 610 жеке, 17 көппәтерлі тұрғын үй. 2 123 үйге жүргізілген техникалық тексеру нәтижелеріне сәйкес 1 067 үй қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды, ал 1 056 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген.
Зардап шеккен тұрғын үйлерге келтірілген залалды бағалау жұмыстары жалғасуда.

Зардап шеккен өңірлер әкімдіктеріне жауапты тұлғаларды жекелеген учаскелерге бекіте отырып, су басқан ғимараттарды техникалық тексеру жұмыстарын жедел аяқтау, жобаларды жергілікті жерге байланыстыру үшін тез арада жаңа жер телімдерін анықтау тапсырылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support