- Advertisement -

Полицейлер суға батқан жас жігітті құтқарды

17

- Advertisement -

Түркістан облысында патрульдік полицейлер суға батып бара жатқан азаматты құтқарды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жас жігітті ажалдан арашалап қалды.

Республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тасжолына кезекшілікке түскен полицейлерге жол бойындағы адамдар Сырдария өзенінен бір адамның шыға алмай жатқанын жеткізген.

Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді. Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен полицей Д.Сағынбаев суға секіріп түсіп, батып бара жатқан азаматқа жақындайды. Содан әріптесі Н.Сапархан екеуі ер адамды сүйреп, жағаға алып шығады.

«Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін көрген. Содан құтқармақ болып суға түсіп, шыға алмай қалған. Қазіргі таңда полицейлердің жылдам әрекеті арқасында аман қалған тұрғынның жағдайы бірқалыпты» делінген ақпаратта.

Фото: Түркістан облысы ПД

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support