- Advertisement -

Ауыр жүк көліктерінен келер залал көп

15

- Advertisement -

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға ауыр жүк көліктерінен келел залал көп. Анығырақ айтқанда, салмағы аса ауыр темір тұлпарларды қанша жерден бақылағанмен, ережеге бағынбайтын кейбір жүк көліктерінің кесірінен тас жолдардың біраз бөлігі жарамсыз күйге түсті. Айта кетейік, әрбір жүк көлігінің салмағы 8 тоннадан аспауы тиіс. Сонда ғана жолға келер зақымның алдын алуға мүмкіндік мол.

Бұл күнде Әулиеата өңіріндегі қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда 4 мыңға жуық самосвал көліктер пайдаланылуда. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» облыстық филиалының инженері Тойшыбай Әлиахметовтің сөзінше, өңір аумағында 3 жылжымалы көлік бақылау пунктері болғанымен, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Соның салдарынан облыстағы жолдардың сапасының нашарлауы жиі кездеседі.

– Мысалы, «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Алайда, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі. Осылайша, мұндағы жүктеме тиісті құжаттағы стандарттардан да жоғары. биылдан бастап орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу үшін жобалаушылардан жобалық-техникалық құжаттамаға жүктерді тасымалдау мақсатында салмағы 15 тоннадан артық емес жүк көліктерінің жүруін талап етілуде. Бұл өз кезегінде автожолдардағы ақаулардың алдын алып, тас жолдың тез тозуына тосқауыл болады деп күтілуде, – дейді Т.Аляхметов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support