- Advertisement -

Ербол Қарашөкеев: «KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауылшаруашылығының дамуына имульс береді

16

- Advertisement -

«KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауылшаруашылығының дамуына имульс береді. Бұл туралы Тараз қаласында алғаш рет өтіп жатқан «KazАgroZhambyl-2024» көрме-форумының ашылу салтанатында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев осылай деді.

«Жамбыл облысы көпсалалы аграрлық аймақ болып саналады.  Облыс тұрғындарының 60 пайызы ауылдық жерлерде тұратындықтан басты кәсібі де ауылшаруашылығы саласы. Сондықтан «KazАgroZhambyl-2024» форумы өңірдің ауылшаруашылығының дамуына имульс береді деп ойлаймын.  Себебі, бұл форум аясында тұқым шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ең өзекті мәселелер талқыланады. Бұл форумға алыс жақын шетелден кәсіпкерлер, инвесторлар келді. Біз бұл азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайынбыз»,-деді әкім.

Сондай-ақ Ербол Шырақбайұлы бұл форум аймақтағы шаруалардың жұмысын ширатып, өзара бәсекелестікті арттыратынына сенім білдірді.   

Естеріңізге сала кетейік, «KazАgroZhambyl-2024» форумына Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері,  ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және т. б. елдердің компанияларының өкілдері қатысуда.

Жиын қорытындысына сәйкес, стратегиялық келісімдер қабылданады деп күтілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support