- Advertisement -

Тұрғындардың сұранысы ескерілуі керек

10

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан орталығы Жаңатас қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Атап айтсақ, қаладағы 5-шағынауданындағы № 9, 10, 17 және 18-ші көпқабатты тұрғын үйлердің және 3-шағынаудандағы №23/1 мекенжайларында болған облыс әкімі бірқатар тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдады.

№9 көпқабатты үйдің тұрғындары үйлерін жөндеуден өткізуге, ауланы реттеуге, балалар алаңшасын салуға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Ербол Қарашөкеев аудан басшылығына жаңғырту жұмыстарын жобалауда тұрғындардың өтінішін жіті назарға алу керектігін, құрылыс жұмыстары сапалы іске асу қажеттігін баса айтып, нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, Жаңатас қаласында биыл жаңғырту бағдарламасы аясында 12 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары қолға алынады.

– Біз тек облыс орталығын ғана емес, аудан орталықтары мен шағын шаһарлардың да мәселелерін шешу жолдарын қарастыруға күш салуға тиіспіз. Тұрғын үйлерді жаңғыртуда тұрғындардың да сұранысы ескерілуі керек. Жергілікті тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін жақсы біледі. Аулаларды абаттандыру, балалар алаңшасын салу жұмыстары да кешенді түрде атқарылуы керек. Бос үйлерді жөндеп, ел игілігіне беру шаралары белсенді жалғасқаны маңызды, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы қаланың жылыту қазандығының жұмысымен танысып, ағымдағы жылыту маусымын кедергісіз аяқтап, келесі маусымға сапалы дайындық жүргізу керектігін ескертті. Шағын шаһардың тұрғындарын жылумен қамтуға қатысты шағымдарының аз еместігін баса айтты.

Бұдан бөлек, Ербол Қарашөкеев «Қазпошта» акционерлік қоғамының аудандық бөлімшесінің бос ғимараты және «Фосфорит» стадионын жөндеуден өткізіп, тиімді пайдалану мәселесіне де айрықша назар аударды.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі аудандағы сыйымдылығы 30 миллион текше метр болатын «Ынталы» су қоймасының жағдайымен танысты. Үш ауылдық округтегі 3 мың гектардан астам аумақты сумен қамтамасыз етуде негізгі нысанның жөндеу жұмыстарын жалғастыру қажет. Су қоймасының жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтап, бөгетті нығайту шаралары мұнда жинауға болатын тиісті ылғал көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауға алатынын атап өтті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support