- Advertisement -

Биыл 20 мың оқушы жаздық лагерьге барады

22

- Advertisement -

15 наурыз – Қайырымдылық, мейірімділік пен жанашырлық кезеңі. Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 80-нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында негізгі жобалар болып «Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.
Қор Оқу-ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап отырса, соның ішінде, Байзақ ауданына 40 жолдама, 250 оқушыға тиесілі болды. Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
Қайырымдылық күніне орай Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Қазақстан халқына» Қорының «Жаздық жолдама-2024» қайырымдылық жобасының сертификатын тапсыру салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш шарада «Сымбат» би тобының орындауында «Жетіген» халық биі, 4-сынып оқушыларының әуелете шырқаған қазақтың ұлттық әні «Бипыл-ай» әні орындалды. Сондай-ақ, Сарыкемер ауылдық округі әкімінің орынбасары Еламан Алпысбаев мектеп-гимназия директоры Гүлбахрам Ермековаға «Қазақстан халқына» Қорының сертификатын салтанатты түрде табыс етті. Шара соңы «Болашағы біз елдің» хорымен аяқталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support