- Advertisement -

Мереке күндері хирургтар үш донорлық ағзаны транспланттады

23

- Advertisement -

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Мереке алдындағы күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері бар құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді.

Сонымен қатар, Астана қаласында күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.

«Медициналық зерттеп-қараудан өту нәтижесі бойынша және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантаттауды сәтті жүргізді», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Реципиент палатаға ауыстырылған. Бүгінде оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр.

Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды.

Үшінші ағза — жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілген.

/фото Денсаулық сақтау министрлігінен алынды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support