- Advertisement -

Бишімбаев ісі: Прокурор қайғылы оқиға болған күн туралы айтты

11

- Advertisement -

Прокурор қайғылы оқиға болған күн туралы айтты, — деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев 2023 жылы Астанада ресейлік әнші Дима Биланның концертіне барған. Алайда концерт аяқталмастан, ол жерден шығып, Bau мейрамханасына барады. Екеуі шарапқа тапсырыс беріп, 4 бөтелке шарап ішкен. Осы кезде Нүкенова қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқан. Олар бастапқыда мейрамханадан шыққысы келген, алайда шыға алмаған. Содан кейін мейрамхананың VIP залына барған. Екеуінің арасына әрі қарай жанжал жалғасқан.

Бишімбаев жанжал барысында өзінің ақшасына сатып алынған заттар туралы айтқан. Содан кейін Нүкенова ішкиім және әшекейден басқасын шешіп тастаған. Оның бұл әрекеті Бишімбаевтың ашуына тиген.
Содан кейін Бишімбаев тағы да мейрамханадан шыққысы келген, алайда мас күйінде үйіне кете алмағанына ашуланып, кісі өлтіруге бағытталған әрекетін жасауды ойлаған.

Артынша әйелді бірнеше рет ұрып-соққан. Соққы салдарынан Нүкенова еденге құлаған. Бишімбаев қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып, бөксесіне, денесіне жарақат салған. Содан кейін шашынан сүйреп, VIP залға әкелген. Артынша Нүкенова зал есігін ішінен іліп алған. Бишімбаев бұған да ашуланып, есікті алдымен қолымен, содан кейін металлмен бұза бастаған. Ішке кірген соң Нүкенованы қайта соққыға жыға бастаған, оның есін жоғалтқанына көзі жеткен кезде әрекетін тоқтатқан. Нүкенова алған жарақатынан сол кезде қайтыс болған.

Бишімбаев өзінің туысы Байжановты шақырып, мейрамхана қызметкерлерін таратуды тапсырған. Марқұмның телефонын беріп, бірнеше мекенжайға, оның ішінде “Қазақстан” концерт залы, фитнес орталыққа апаруды тапсырған.

/Сурет ашық дереккөзден алынды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support