- Advertisement -

Шаштараз бен сұлулық салондарының қызметі 15%-ға қымбаттады

18

- Advertisement -

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында елімізде шаштараз және сұлулық салондарының қызметі 62,3 млрд теңгеге жетті. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 80,2%-ға артық,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz  сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Finprom.kz мәліметінше, көбіне алматылықтар сұлулық салондарының табалдырығын (19,9 млрд теңге) «тоздырады» екен.

Астана екінші орында тұр (12,6 млрд. теңге). Үштікті Қарағанды облысы түйіндеді (6,4 млрд теңге).

Түркістан облысында бар болғаны 389,8 млн. теңгеге қызмет көрсетілген.

Алматы облысы (528,7 млн теңге) және Ұлытау (555,6 млн теңге) облысы да қызмет көрсету көрсеткіші бойынша төмен сатыларда орналасқан.

Бағаға тоқталсақ, 2024 жылдың қаңтарында шаштараздар мен сұлулық салондарының бағасы өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 14,5%-ға қымбаттаған.

Бағаның ең көп өсімі Шымкентте байқалды (жылына 22,5%).

Сондай-ақ, Алматы (22,1%) және Абай (21,9%) облыстарында да қымбатшылық тіркелді.

Бір жылда педикюр бағасы 10%-ға, маникюр 16,4%-ға, эпиляция 7,5%-ға өсті.

Әйелдердің шаш қиюы 18%-ға, ерлердікі 14,3%-ға қымбаттағанын атап өткен жөн.

Биыл қаңтар айында республика бойынша орта есеппен әйелдердің шаш қиюы — 3,5 мың теңге, ерлердің шаш қиюы — 2,4 мың теңге болды.

(Сурет ашық дереккөзден алынды)

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support