- Advertisement -

QAZAQ AIR Түркістаннан Самарқандқа ұшатын болады

20

- Advertisement -

QAZAQ AIR әуекомпаниясы алғаш рет Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе қатынасын іске қосады. Алғашқы рейс 15 наурызға жоспарланған. Әуе тасымалы аптасына 2 рет канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы ұшақтарымен келесі кесте бойынша жөнелтіледі:

Жұма және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 509 Түркістан 20: 20-Самарқанд 21:20

IQ 510 Самарқанд 22:10-Түркістан 23:10.

Тарих пен мәдени мұраға бай түркі әлемінің алтын бесігі – Түркістан мен Самарқанд арасындағы әуе қатынасы екі мемлекеттің қарқынды мәдени және туристік саласының дамуына жол ашады. Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары үшін екі елдің бірегей мәдени ескерткіштері және үздік дәстүрлерімен танысу қолжетімді бола түсті.

«Тамырлас түркі елдерінің алтын бесігі саналатын тарихи қалаларға орындалатын әуе рейстері екі ел ынтымақтастығы мен экономикалық әлеуетін арттырып, іскерлік қатынастар және туризм саласын айтарлықтай дамытатынына сеніміміз мол», — деп атап өтті QAZAQ AIR әуекомпаниясының төрағасы Еркін Наурызбаев.

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан қазірден бастап брондауға және сатып алуға болады. Билеттердің құны бір бағытқа 20 000 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, Қазақстанның әуекомпаниялары Түркістан арқылы Самарқандқа Астана, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Орал, Алматыдан қосылатын рейстерді орындайтынын атап өткен жөн.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support