- Advertisement -

Жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы 1 наурызда басталады

40

- Advertisement -

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда басталатынын растады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бағдарламаны республикалық бюджет пен Отбасы банк бірлесіп қаржыландырады.
«Әлихан Асханұлы Смайылов айтқан мәселе пысықталды, бекітілген мерзімде жүзеге асырылады», деді Скляр үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда іске қосылатынын мәлімдеді.
Бағдарлама аясында үйі жоқ азаматтар жылдық 9 пайызбен 25 жыл мерзімге арзан ипотека ала алады. Бастапқы жарна – 20%.
Ипотекалық бағдарламаға жылына 150 миллиард теңге бөлінетіні хабарланған болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support