- Advertisement -

Әлеуметтік салаға назар аударды

26

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлағандығы туралы айтты. Ауыл экономикасын көтеруге жасаған бұл өте маңызды қадам деп ойлаймын. Аудандардың әлеуметтік жағдайын оңалту, ауылдағы елді жұмыспен қамту, жұмыссыздық жолдарымен күресу кез келген басшының басты мақсаты.

Сондай-ақ, Президент әлеуметтік саладағы мәселелер шешімін тауып жатқандығын айтты. Жайлы мектептер мен денсаулық сақтау нысандары салынып, халыққа пайдалануға берілгендігі қуанышты жағдай. Ұрпағымыздың сапалы білім алуына бұл да бір үлкен жетістік. Балаларымыз жайлы мектепте еш алаңсыз тәрбиеленсе ата-ана үшін де бағалы бақыт.

 

Шырын МАМАСЕРІКОВА,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Меркі ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support