- Advertisement -

Жамбыл облысында былтыр 28 елді мекен ауыз сумен қамтылды

21

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырма берген болатын.

Осыған сәйкес, бүгінгі таңда өңіріміздегі тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.

Жамбыл облысында осы бағытта өткен жылы «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 54 нысанның құрылысына 13,6 млрд теңге бөлінген.

Нәтижесінде 28 елді мекен тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізген.

Ал, ағымдағы жылы 49 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына 21,7 млрд. теңге қарастырылған. Ал, жыл соңына дейін 25,7 мың адам қоныстанған 43 ауыл толыққанды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support