- Advertisement -

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының үздік спортшыларын марапаттады

50

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жыл үздігі – 2023» спорттық номинациясы жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысып, үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.

Аймақ басшысы өңірдегі дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына қосқан үлесі мен жетістігі үшін бірқатар азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.

Аймақ басшысы өз сөзінде қасиетті Әулиеата өңірінің жақсы спорттық дәстүрі мен жеңісті жолдары ежелден қалыптасқанын атап өтіп, бірқатар көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.

Айта кетейік, облыс спортшылары ағымдағы жылы республикалық және халықаралық байрақтарда 1 600-ге жуық медальға ие болды. Бүгінде 805 жамбылдық спортшы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командалары сапында өнер көрсетеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста бұқаралық спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде.

2023 жылдың қорытындысымен облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың қатары 492 мың адамға (40,3%) жетті.

Биыл өңірде 22 спорт кешенінің құрылысы қолға алынды десек, оның 10-ны пайдалануға берілген, қалған 12-сі келер жылы аяқталады деп күтілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support