- Advertisement -

Жамбылда 1000 гектар жер мемлекетке қайтарылды

32

- Advertisement -

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.

Талдау жүргізу кезінде Шу ауданы әкімдігі тарапынан ҚР Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағының талаптары бұзылғаны анықталды.

Яғни, шаруа қожалық мүшелері бұрын шаруа қожалықтарының мүшелері болып табылмайтын өзге тұлғаларға бес жылдық жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өз құқықтарын беріп келген.

Департаменттің ұсынысы бойынша жалпы көлемі 1071 гектарды құрайтын жер учаскелері Шу ауданының мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support