- Advertisement -

Ербол Қарашөкеев облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына қатысты

73

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясы өтті.

Күн тәртібінде бірқатар мәселелелер қаралды. Оның ішінде 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы бойынша облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның есебі тыңдалды. 2024 жылға бюджет 578 миллиард теңге сомасында жоспарланған. Бұл осы жылға жоспарланған қаржыдан 22,1 миллиард теңгеге артық.

Келесі кезекте облыста қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев есеп берді.

Өңірде барлығы 163 полигон және қоқыс төгуге арналған үйінділер бар. Оның бесеуі жеке меншікте болса, 158-і коммуналдық меншікте. Полигондардың барлығының қоршаған ортаға арналған эмиссияға рұқсаты рәсімделген, санитариялық талаптарға сай. Қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптау қызметтерімен айналысатын 41 мекеме жұмыс істеп жатса, олар 191 арнайы техникамен қамтылған, 792 контейнерлік алаңдар 5 460 контейнермен жабдықталған.

Баяндамашы қоршаған ортаға зиянын тигізетін заңсыздықтарға қатысты да атқарылған жұмыс жайында айтты. Ағымдағы  жылдың 1 мамырынан бастап Тараз қаласында ірі габаритті қалдықтар шығарындыларын азайту бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіліп, құрылыс қалдықтарын көше бойына тастаған 1 185 дерек анықталып, 1153 жеке тұлғаға ескерту берілсе, 32 айыппұл салынған.

Жиын барысында облыс бойынша экология департаментінің басшысы Арсен Латыпов баяндама жасаса,Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһар аумағын көгалдандыру, «Қазфосфат» ЖШС-ның фосфогипс қалдықтарын өңдеу, қоғамдық көліктерді газдандыру, тағы да басқа бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар жайына тоқталды.

Жиын барысында инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Өңірлік кеңес құрамын бекіту, облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту секілді мәселелер қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Мәслихат депуттарының түрлі сауалдарына облыс әкімі, орынбасарлары, қала әкімі басқарма басшылары жан-жақты жауап берді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support