- Advertisement -

Есірткімен күрес екпінді жүргізілуде

34

- Advertisement -

Президент Жолдауында есірткіге қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екені айтылған. Осыған орай, 2023 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің (№508) қаулысымен «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің» 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген болатын. Есірткі қылмысына қарсы күрес мәселесі Жамбыл облысы Полиция департаментінің ерекше бақылауында. Өйткені, облыс аумағында танымал «Шу алқабы» деп аталатын шикізат базасы орналасқан.

Осы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында Полиция департаменті «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс- шарасын өткізді. Мақсаты – есірткінің таралуын болдырмау болып табылады. Операцияны жүргізу кезеңінде 28 жедел-мобильдік топ құрылды және Полиция департаментінің 100-ден астам қызметкері, 8 қызметтік іздестіру иттері жұмылдырылды, қарасораны басқа өңірлерге әкетудің жолын кесу үшін 5 жылжымалы мобильді бекет қойылды. Сондай-ақ, Ұлттық Ұланның «Бүркіт» арнайы жасағының күштері мен құралдары және Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында 516 есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Атап айтқанда, 202 қылмыс және 314 қылмыстық теріс қылық.

Оның ішінде есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 74, контрабанданың 15, есірткі өсімдіктерін өсірудің 22, есірткі сатудың 77, есірткіні насихаттаудың немесе заңсыз жарнамалаудың 12 дерегі тіркелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 5,5 тоннадан астам әртүрлі есірткі құралдары тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 тоннаға көбірек.

Нақтырақ тоқталсақ, «каннабис өсімдіктері» 4 тонна 101 кг, «кептірілген марихуана» 1 тн 387 кг, «гашиш» 63 килограмм 568 грамм, «героин» 745 гр 005миллиграмм, «синтетикалық есірткі» 1 килограмм 5 грамм.

Осы уақыт аралығында 169 адам жауапқа тартылды, оның 71-і есірткі қылмыстары үшін және 98-і қылмыстық теріс қылықтар үшін жазасын өтейді.

Мәселен, жедел іс-шараларды жүргізу кезінде Шу алқабынан басқа өңірлерге шығару үшін қарасораны шабу және дайындау барысында күдікті тұлғалар ұсталып, 10-нан астам дерек анықталды. 18 маусымда құмды аймақта жабайы қарасора шабу кезінде Шу ауданының тұрғыны ұсталып, 232 килограмнан астам қарасора тәркіленді. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 24 килограмнан астам «гашиш» және 12 кг «марихуана» табылды.

Сондай-ақ, 4 қазанда жабайы қарасораны шабу және жинау кезінде Байзақ ауданының тұрғыны ұсталды, одан 229 килограмнан астам «кептірілген марихуана» есірткісі және 4 килодан астам «гашиш» тәркіленді.

«Шу алқабында» жедел іс-шараларды өткізуден басқа, автожолдарда Алматы, Шымкент облыстары және солтүстік өңірлер бағытында есірткі әкетудің жолын кесу үшін қызметтік іздестіру иттері бар 5 мобильді бекет қойылды, нәтижесінде 42 есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде есірткі қылмысы үшін іздестіріліп жатқан қылмыскерлер саны 15- тен 7-ге дейін төмендеді, жыл басынан бері іздестіріліп жатқан 12 адам ұсталды.

Операцияны жүргізу кезеңінде есірткі құралдарының таралуының алдын алуға баса назар аударылды. Нәтижесінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 420-бабы бойынша 59 әкімшілік материал толтырылды (өсіп келе жатқан қарасораны жою жөнінде шаралар қолданбау) және аудандық әкімдіктермен, прокуратурамен бірлесіп 220 тонна жабайы қарасора өртеу жолымен жойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдан 95 тоннаға жоғары.

Операция кезінде синтетикалық есірткі заттарының таралуының алдын алуға және жолын кесуге ерекше назар аударылады. Мәселен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп Байзақ ауданында заманауи техникалық құралдармен жабдықталған нарколаборатория анықталып, жойылды. Сондай-ақ, Тараз қаласының аумағында арнайы іс-шаралар нәтижесінде 4 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Ұсталған қылмыстық топтың «операторы» телеграмм-арнасы арқылы синтетикалық есірткі тарату үшін адамдар жинаған.

Полиция департаментінің базасында «NarcoShekteuTaraz» Telegram-боты іске қосылғанын атап өткім келеді, ол синтетикалық есірткі заттарын сақтау орындары, граффити-жазбалар, облыс тұрғындарының жарнамалық белгілері бар аккаунттар туралы хабарламалары мен сұрауларын жинайды. «NarcoShekteuTaraz» Telegram-боты жұмыс істеген сәттен бастап 1574 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде интернет желілері бойынша 1379 есептік жазба бар, оның 888-і бұғатталған және 480-і Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде бұғатталған.

Сонымен қатар, жасөспірімдер мен жастарға есірткі қылмысының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізу маңызды рөл атқарады. Есепті кезеңде 23 мыңнан астам студентті қамти отырып, 764 түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, есірткіге қарсы сипаттағы 887 материал бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Ал, әлеуметтік желілерде профилактикалық сипаттағы 329 материал орналастырылды.

 

Оразалы ҚҰДАБАЕВ,

облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support