- Advertisement -

Оқушы үдесінен шығу – ұстаз міндеті

38

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Үздік ұстаздан – үздік тәжірибе, оқу-әдістемелік кабинетімен атқарылған жұмыстар» тақырыбында облыс әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Шахризада Өсерованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Брифинг барысында бәсекеге қабілетті болашақ ұрпақты тәрбиелеу, талапқа сай білім беру басты ұстанымдары мен отандық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты жайлы, сондай-ақ, заманауи білім сапасына қол жеткізудің әдіс-тәсілдері айтылды. Және де ондағы мақсат-міндеттердің күрделілігі, әдістемелік жұмыс мазмұнының көп қырлылығы, әрбір білім беру ұйымының ерекшеліктері оның тиімді формаларын пайдалану барысында әдістемелік қызметтің рөлі артып келе жатқаны да кеңінен сөз болды.

Жалпы, әдістемелік жұмыс білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациясы жағдайына негізделген. АӘҚ-тің көп деңгейлі моделін құру, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету, сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру, әдістемелік консалтингті ұйымдастыру, педагог және басшы қызметкерлердің бірыңғай ақпараттық және әдістемелік кеңістігін қалыптастыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық озық тәжірибелерді жалпылау және тарату жүйесі арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі.

Қазіргі таңда өңірлік «Ұлағат» педагогтер ассоциациясы құрылған. Пәндер бойынша шығармашылық зертханалар, педагогтердің виртуалды мектебі, «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» үздік педагогтер шеберханаларының жұмысы да жолға қойылған. Жаңа типтік оқу жоспарлары мазмұнның өзгеруі, оқытудағы тәсілдер, оқушылардың білімін бағалау мәселесі, оқушылардың оқу, жазу, математикалық, ІТ сауаттылықтарын қалыптастырудың тиімді жұмыс формаларының қалай жасалып жатқандығы туралы да айтылды.

Қашықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Youtube» желісінде 18 канал ашылып, үздік педагогтердің 1465 бейнесабағы жарияланды. Оның қаралымы 823680, тіркелгендер саны 27535. Сондай-ақ, пән мұғалімдерінің жеке каналдары бар. 128 педагог 1213 мұғалімдер үшін, 2012 оқушылар үшін сабақтар жүктелсе, 145990 тіркелуші, 1 миллион 439755 қаралым бар. 2022 жылы облыс бойынша барлығы 9537 педагог курстан өткен.

– Республикалық «Үздік педагог» байқауында 2012 жылдан бастап 41 педагог жүлдегер атанды, олардың 16- сы ауыл мектебінің мұғалімдері. Соңғы 5 жыл ішінде облыс педагогтерімен тиімді ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде халықаралық, республикалық байқаулар мен қашықтық олимпиадаларында 14407 педагог жеңімпаз атанды. Аталған жетістіктер – облыс мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетінің жоғары екендігін тағы дәлелдеп отыр. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибені тарату және оқушыларды оқыту мен дамытудың оңтайлы әдістері мен технологияларын трансляциялау мақсатында Адрестік көмек көрсету бағдарламасының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдерінің кәсіби дамуына бағытталған «Күзгі мектеп», жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерінің кәсіби дамуына бағытталған «Қысқы мектеп» жобасы, мектеп оқушыларының оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру, зерттеушілік және функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған «Сырттай оқыту мектебі» жобасы іске асырылуда, – деді Шахризада Өсерова.

Бүгінгі білім беру жүйесінің тағы бір ерекшелігі – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы. Бұл оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осы орайда бес негізгі бағыт бойынша яғни, ұйымдастыру- талдау іс-әрекеті, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, ата-аналар қауымымен жұмыс, өзара іс-тәжірибе алмасу мәселесі қамтылып отыр.

Бүгінгі таңда баланың ортада өзін қалай сезінуі, жайлылығы кез келген жағдайда қоршаған ортаға бейімделе алуы өте маңызды. Осы орайда оқушыларды әлеуметтендіруде ұстаздардың атқарар орны ерекше. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға ұстаз болғандықтан, тәрбие көзі де осы ұстаздардан тарағандықтан ұстаз сауаттылығы ең маңызды мәселе. Сондықтан, қазіргі мектептің негізгі міндеттері – әр оқушының қабілетін ашып, бәсекеге қабілетті әлемде өмір сүруге дайын адамды тәрбиелеу болып тұр. Сондықтан, тәрбие бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруге тиіс.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу болып тұр. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі шығармашылық қабілеттің негізінде іске асады. Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие бере алмайды. Оқушының үдесінен шығу – ұстаз міндеті.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support