Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жетінші сессиясы 2023 жылдың 5 қазан күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
- Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Облыстың мәдениет саласына бағытталған қаражаттың тиімді жұмсалуы, олардың тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен мемлекеттік мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы.
- Жамбыл облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
- Әртүрлі мәселелер.
Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 5 қазан күні сағат 14.30-да басталады.
***
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2023 жылдың 5 қазанында сағат 11.00-де өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жетінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев.
Comments are closed.