- Advertisement -

ТАРАЗДА ЭНЕРГИЯ ӨНДІРІСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

107

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аталған алып кәсіпорынға барып, жұмыс барысымен танысты. Өңір басшысына жөндеу жұмыстарын таныстырған мекеменің бас директоры Александр Фурса қазіргі таңда мұндағы негізгі 6 блоктың 5-і істеп тұрғанын айтты. Негізі жұмыс ырғағы жаман емес. Кәсіпорынның жылдық қуаты 1230 мегаватт болса, 2023 жылдың алғашқы алты айында 1137 мегаватт электр энергиясын өндірген. Алайда, мұнда судан мәселе туындап тұр. Одан бөлек, жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының 45 күннен кейін берілетіні құрылыс жұмысына қиындық тудырып отыр екен. Жабдықтардың тозу деңгейі 30,4 пайызды құрайды. Кәсіпорын басшысы мекемеде 578 адам еңбек ететінін, олардың орташа жалақысы 409 мың теңгені құрайтынын жеткізді. Жұмысшылар барлық киіммен және қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Үш ай сайын сыйақы беру жолға қойылып отыр. 1 шілдеден бастап жалақы 20 пайызға көтерілген. Облыс әкімі кәсіпорын басшыларын мұқият тыңдады. Олардың талап-тілегін тыңдай келе:

– Біз сіздердің жағдайларыңыздан хабардармыз. Сіздердің қойып отырған талаптарыңыз орынды. Қаржының 45 күннен соң берілуі туралы министрліктегілер хабардар. Бірақ, оның шешу жолдарын қарастырамыз. Жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызамыз. Сіздер де су мәселесін пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырыңыздар. Себебі, бүгінде су барлық жерде күрделі мәселеге айналып тұр. Ал, тариф бағасының сіздерге де, тұрғындарға да қолайлы болғаны дұрыс, – дей келе энергия және құрылыс саласына жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support