- Advertisement -

Олесяның тауар ассортименті сұраныста

35

- Advertisement -

Тараз қаласында жеке кәсіпкерлік салада жұмыс істеп келе жатқан бизнес өкілдері мемлекеттің қандай да болмасын көмегіне қол жеткізе алады. Әсіресе, өңірлік «Даму» қорының көмегіне жүгінетін шағын және орта кәсіпкерлер көп. Соның бірі – кеңсе заттарын шығарумен айналысатын «Торговый двор Веллес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Серіктестік 2010 жылдан бері шаһарда табысты жұмыс істеп келеді. Оның директоры – Олеся Резниченко. Ұлты – орыс. Серіктестік директорының айтуынша, өндіріс ошағында тұрмыстық жиһаздар, сейфтер, жалюзи, кеңсе тауарлары, тұрмыстық тауарлар, креслолар, орындықтар, әкімшілік және спорт мекемелеріне, мектептерге, балабақшаларға арналған кеңсе жабдықтары жасалады екен.

– Қандай бизнес болмасын, оған алғашқы кезде қолдау керек. Кәсіп бастау оңай шаруа емес. Оның шикізат көзі мен өткеруінің өзі үлкен жұмысты талап етеді. Бүгінгі таңда біздің негізгі сатып алушыларымыз – медициналық және мемлекеттік мекемелер. Сонымен бірге балабақшалар, мектептер, институттар, – дейді Олеся.

Бүгінгі таңда кәсіпкердің тауарына деген сұраныс та артқан. Кәсібін одан әрі кеңейтуді жоспарлап жүрген Олеся Резниченко «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына қайырылады. Аталған қордың көмегіне жүгіну арқылы «Нұрбанк» АҚ-на несие алу үшін өтінім тастайды. Кәсіпкердің өтініші «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мақұлданады.

– Кәсібімді кеңейтуге, бизнесімді одан ары өрістетуге қол жеткіздім. Әрине, мұнда маған «Даму» қорының көп көмегі тиді. Несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Бізге «Даму» қоры кепіл болып отыр, – дейді ол.

Несие алғаннан кейін Олеся Резниченко тауар ассортиментін арттырып қана қоймай, өндірілетін өнім көлемін де арттырған. Бүгінде оның өндірісі даму жолына түскен.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support