- Advertisement -

Жасөспірімдер әскери шеруден сайысқа түсті

44

- Advertisement -

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Тараз қаласындағы Жеңіс саябағында әскери патриоттық шеру ұйымдастырылды. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерімен және облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған іс шараға облыстағы мектептер қатысты. Сонымен қатар, колледж студенттері де қонақ ретінде атсалысты.

Бұдан бұрын бір апта бойы әскери патриоттық ән-шеру байқауы өткізілген. Оған 31 оқушыдан топтасқан 67 команда қатысып, ішінен іріктелген 18 команда финалдық шеруде бақ сынасты. Әскери сапта жүріп, патриоттық ән айтудан шеберлік танытқан командаларға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты қаржылай сыйлықтар тағайындаған.

Жастардың бойына отансүйгіштік тәлімін сіңіріп, елін қорғауда аянбас батылдыққа және әскери шапшаң қимылға тәрбиелеу мақсатындағы шеруде патриоттық ән айту байқауынан бірінші орынды №41 көпсалалы мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Ал, екінші орынды №39 Панфилов атындағы мектеп- гимназиясы олжалады. Жүлделі үшінші орынның биігінен №11 орта мектеп, №45 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы мен №21 орта мектеп көрінді. Тыңдарманын қанаттандыратын патриоттық әндер шырқалған іс-шарада «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің оркестрі де өнер көрсетті.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support