- Advertisement -

Елді мекен бас жоспарсыз дамымайды

103

- Advertisement -

Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады. Бас жоспарларда қаралған қаланың, кенттiң, ауыл мен басқа да қоныстарды дамытудың бекiтiлген бас схемасы мен аймақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасына сәйкес әзiрленетiн негiзгi құжаты болып табылады.

Бас жоспар дегеніміз не?

Бас жоспар – жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, ғимараттарды, көлік жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыстық қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі.

Бас жоспардың мақсаты – аумақтың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, адамдар үшін қолайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру. Бас жоспарда әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар ескерiле отырып, елдi мекеннiң аумағын дамытудың негiзгi бағыттары белгіленеді.

Сондай-ақ, осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу және пайдалануды шектеу, елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы жердi басымдықпен иелiктен айыру және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар аумақты табиғи және техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi шаралар кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар елдi мекендi тұрақты дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шаралар белгіленедi.

Республикамыздағы қала құрылыстарының даму бағдарламасын және оның жүзеге асуы жөніндегі стратегиясы мен тактикасын айқындайтын бас жоспар мен сәулет саласы арасында тығыз байланыс бар. Тіпті, мұның екеуін бір-бірінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Бас жоспарды тек қалалардың еншісіндегі іс деуге болмайды. Өйткені, үлкенді-кішілі кез келген елді мекен мұнсыз дами алмайды. Бір сөзбен айтқанда, бас жоспар адамдарға қолайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру деген сөз. А л , мұндай орта оларға сапалы өмір сүріп, алаңсыз еңбек етуі үшін аса қажет.

Негізінен алғанда, қаланың бас жоспары ұзақ мерзімге, нақтырақ айтқанда, алдағы 20-30 жылға болжамдар жасау арқылы жасалады. Атап айтсақ, Тараз қаласының бас жоспар жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысымен бекітілген. Осыған орай, бірегей мұраны сақтау үшін және қаланың сәулеттік-көркемдік келбетінің деңгейін жақсарту, дамыту үшін Тараз қаласының бас жоспар жобасына түзету енгізу жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі таңда, жобалаушы мекеме «Қолдау» ЖШС тарапынан бас жоспар жобасының сатысы үшін барлық жобалық құрамы жобаланып, қалалық және облыстық мәслихаттарға ұсынылып келісім алынды.

Ендігі кезекте, келесі кезеңдерді іске асыру, яғни, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрылыс және тұрғын ү й-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетіне» кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу, кешенді сараптамадан кейін еліміздің тиісті министрліктерінің келісімдерін алу, соңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіп, Тараз қаласының бас жоспар жобасы негізінде қаланы одан әрі дамыту жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,

облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

Суреттерді түсірген

Ақәіл РЫСМАХАН.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support