- Advertisement -

Ақкөлдегі шат- шадыман мереке

201

- Advertisement -

Ұлттық құндылықтар ұлықталып, ұлттық ойындардың сан түрі паш етілетін Ұлыстың ұлы күнінде Ақкөлде де ақ түйенің қарны жарылған күн болды.

Ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерт, көріністер қойылып, ұлттық спорт ойындарынан жарыстардың сан түрі ұйымдастырылды.

Мекемелер тарапынан тігілген киіз үйлерде көпшілікке наурыз көже таратылды.

Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне Ақкөл ауылдық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Руслан Досалиев үлкен үлес қосты.

Бұл күні ұйымдастырылған қазақша күрес, түйе палуан, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындарға ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысты. Түйе палуан жарысында Жандос Досанұлы жеңімпаз атанса, Мақсат Таутай екінші, Ердәулет Тұрғын үшінші орын тұғырынан көрінді. Гір тасын көтеруде де Жандос Досанұлы алдына жан салмады.

Райымбек Тазабеков пен Досан Қалаубеков те жүлделі орыннан көрінді. Жарысқа тігілген қойды Жасұлан Досанұлы 300 мәрте көтеріп, ұтып алды. Қойды 215 мәрте көтерген Ердәулет Тұрғынға да ақшалай сыйлық берілді.

Мұнан соң сахнада ән әуелеп, күй күмбірледі. Көпшілік шат-шадыман күйге бөленді.

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Талас ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support