- Advertisement -

Жаса, домбыра!

93

- Advertisement -

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра,

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана, – деп Қадыр Мырза Әлі ақын айтпақшы, кең даланың төсін дүбірлеткен қос ішектің даусы Наурыз мерекесі қарсаңында Оқушылар сарайында күмбірледі. Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» күйін осы орталықтың «Өрлеу» ән-сазды студиясына қатысушы 80 домбырашы бір мезетте орындап шықты.

– Менің ата-анам да музыка лық аспаптарда ойнайды. Бала күнімнен күйдің күмбірлеген даусын естіп өскендіктен, домбыраның құйқылжыған үні жаныма сондай жақын болды. Жақсы көрдім. Сөйтіп «Өрлеу» студиясының меңгерушісі Ақерке Қырықбаеваның ұстаздық етуімен, домбыра шертудің қыр-сырын меңгердім. «Домбырасыз ән қайда?» демекші, қазақтың өмірін домбырасыз еле стету мүмкін бе?! – деді 8-сынып оқушысы Ибраһим Қабдықалық.

Бір мезетте қалықтай жөнелген домбыра үні даланы әуенімен әлдилеп, жайлауды, ондағы тұлпарлардың шабысы мен батырлардың қуатын еске салғандай шарықтап қоя берді.

Жаса, домбыра!

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support