Жергілікті маңызы бар«Бетпақдала» мемлекеттіктабиғи қаумалын құру үшін жерлердірезервте қалдыру туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына және 24-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарысу және Мойынқұм аудандарының аумақтарында қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2-қосымшалар) шекаралары шегінде жалпы алаңы 1415861 гектар жер учаскелері оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулының Жамбыл облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітов
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
басшысы М.Шүкеев
Comments are closed.