- Advertisement -

Ауыл әкімдері жұмысты ширатуы тиіс

42

- Advertisement -

«Қазына қаржысын ұқсата алмай, халықтың әл-ауқатын әлсіреткен ауыл әкімдері жауапкершіліктен құтыла алмайды. Инвестиция тартуға икемсіз ауылдың атқамінерлері барға – қанағат, жоққа – салауат айтып отырмай, ширақ шешімдерімен жұмыстарын ширатуы тиіс. Жауаптылар бюджет кірісінің кемуіне қарамастан, тұралап тұрған тірлікті тіктеуі қажет. Бұл атқарушы билік пен ауыл әкімдерінің негізгі міндеті. Сонда ғана шалғайдағы ауыл-аймақты мекен еткендер туған жерлерін тастап кетпейді». Мойынқұм ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Аймақ басшысы жер көлемі жағынан өңірдің 40 пайызын алатын өңірдегі халықтың қалаға үдере көшуіне алаңдаушылық білдірді. Нұржан Молдиярұлының жұмыс сапары аудан орталығынан шалғай орналасқан Ұланбел ауылынан басталды.

Әуелі осы елді мекендегі М.Әуезов атындағы орта мектебінің жай-күйімен танысқан облыс әкімі білім ошағындағы сабақ барысын бақылап, оқушыларға сапалы білім беру мен оларды құнарлы ыстық тамақпен қамтудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар оқу ордасын жаңа жиһазбен қамтамасыз етуді жылдамдатуды жауаптыларға мықтап тапсырды. Айта кетейік, бұл білім ошағының ғимараты былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен. 320 орындық мектепте бүгінде 183 бала білім алуда. Ағымдағы жылы мұнда 1 түлек алтын белгі, 1 түлек үздік аттестатқа үміткер атанып отыр.

Нұржан Нұржігітов мұнан соң Мойынқұм ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің жөндеу жұмыстарын тексерді. Ішкі
жұмыстары аяқталуға жақын оқу ордасының сыртқы бөлігі де жөндеуді қажет етеді. Аймақ басшысы ол бойынша жауапты тұлғаларға құжаттама жұмыстарын тезірек әзірлеуді жүктеді.

Бұдан кейін облыс әкімі аудан активімен жиын өткізіп, облыстың кешенді даму жоспары аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды талқыға салды. Басқосуда әуелі аудан басшысы Әлихан Балқыбеков қысқаша баяндама жасап, атқарылған шаралар мен жоспарлы жобаларға тоқталды.

Оның айтуынша, ауданның 2025 жылға дейінгі даму жоспарында жобалық құны 79,1 миллиард теңгені құрайтын жалпы саны 178 жоба белгіленген. Өткен жылы жобалық құны 3,5 миллиард теңге болатын 27 жобаға меже белгіленсе, оның аясында 128 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланыпты.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша 27 жобаның ішінде 24 жоба толығымен орындалып, 55 жұмыс орны ашылды. Биыл бір жоба іске қосылады. Есепті кезеңнің қорытындысына сай 2 жоба түрлі себептер бойынша орындалмады. Жобалардың орындалу үлесі 92,6 пайызды құрайды, – деді Әлихан Әбіләшұлы.

Бұдан кейін аймақ басшысы аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінен жоспарға қатысты туындаған мәселелерді шешу бойынша берілген тапсырмалардың орындалу деңгейін сұрады. Әйтсе де, жергілікті атқамінерлердің бір де бірі өздеріне қойылған сауалдарға қанағаттанарлықтай жауап бере алған жоқ.

Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов тиісті тұлғалардың сылбыр жұмысын сынға алып, олардың жұмысына халықтың да, биліктің де көңілі толмайтынын қадап айтты.

– Бұл жоспар өздеріңіздің ұсыныстарыңыз бойынша жасалған болатын. Бірақ сіздердің жоспардан хабарсыз екендіктеріңізді айтуға тура келіп тұр. Ал бұл жоспардың орындалуы қай деңгейде болатынын айтпасақ та түсінікті. Кез келген басшы бюджеттен бөлінген қаражаттың көмегімен жүзеге асқан жұмыстармен шектелмеуі тиіс. Бұлай есеп беруге болмайды. Жеке инвестициялар аясында жаңа жобаларды қолға алып, жұмыс жасауға тырысу қажет. Бұған дейін ауыз су кестемен берілетін ауылдардың мәселесін шешуді тапсырғанмын. Алайда әлі күнге дейін бұл тапсырма орындалмады. Сондай-ақ Қылышбай ауылындағы суды тазартатын мембраналық қондырғының жұмысын қамтамасыз ететін жас мамандарды даярлау ісі де қолға алынбаған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға қарай барлық елді мекендерді таза ауыз сумен 24 сағат бойы қамтуға тиіспіз.
Жалпы, сіздер мәселе көтеріп, оны шешу
бойынша ешқандай шара қолданбайсыздар.
Бір сөзбен айтқанда, әрекет жоқ. Жобалық-
сметалық құжаттамаларды әзірлеп, оның
маңыздылығын дәлелдеп, көрсете білсеңіздер
қаржы қаралады. Жоспарды өздеріңізге
ыңғайлы етіп әзірлеп, соны ғана орындауға
машықтанғансыздар. Шын мәнінде, жоспарда
ауданның әлеуеті, тұрғындардың талабы мен
қажеттілігі ескерілуі керек. Жасыратыны
жоқ, әкімдері бел жазбай еңбек ететін ауыл-
аймақтың түтіні түзу шығады. Бірлік пен
береке сонда. Ал сыныққа сылтау іздейтін ауыл
әкімдеріне халық наразы. Ауыл басшылары
қарақан басын емес, ел-жұрттың мүддесін
бәрінен жоғары қойса ғана нақты нәтиже
болады. Алайда сіздер бұл үдеден шыға алмай
отырсыздар. Мәселен, аудандағы екі елді
мекен ғана тәулік бойы ауыз суды пайдалану
мүмкіндігіне ие. Өзге елді мекендегі ел-жұрт
әлі күнге дейін кестемен берілетін ауыз суды
пайдалануға мәжбүр. Бұл мәселе бүгінге дейін
оң шешімін таппай отыр. Мұның бәрі бірінші
кезекте ауыл әкімдерінің жұмысы. Жергілікті
басшылар сенімді ақтаулары керек. Әрбір
тапсырма мүлтіксіз орындалуы тиіс.
Мойынқұм ауданы жер көлемі жағынан өңірдің 40 пайызын алып жатыр. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын мұндағы халықтың саны азайып барады. Себебі жаңа жұмыс орындары жоқ. Қарапайым жұртқа жайлы мекен болса, ешкім туған жерін тастап кетпес еді. Жергілікті басшылар осы жағын қатаң назарға алуы керек, – деген облыс әкімі аудандағы жұмыстарды төмен бағалады.

Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Шу ауданына да атбасын бұрып, ондағы Дулат және Балуан Шолақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Бұл жиынға облыстық құқық қорғау органдары мен салалық басқармалардың өкілдері де арнайы қатысты.

Басқосуда әуелі Дулат ауылдық округінің әкімі Найман Сұлтанбаев өткен болуына айрықша мән беруі қажет. Ол үшін жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Найман Кенжеханұлының айтуынша, округте 139 шаруа қожалық тіркелген.

Былтыр шаруалар 7,565 миллион теңге субсидияға
аса маңызды. Қос тарап ортақ жауапкершілікті қол жеткізген. Бүгінде мұндағы шаруа қожалықтарында 53 техника бар.

– Қазіргі таңда округте қос орта мектеп, кітапхана, ауылдық клуб, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, пошта, учаскелік тірек пен екі мешіт тұрғындардың игілігіне жарап тұр. Ал ұлттық жоба аясында қоғамдық жұмысқа 67 адам тартылып, 3 азамат грантқа ие болды, – деді округ әкімі.

Бұдан кейін жергілікті тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды. Ауылдықтар тарапынан көтерілген мәселелер негізінен табиғи газ, ауыз су, жайылым мен ағын су, көше жөндеу, мал ауруымен күрес, ұялы байланыстың әлсіздігі және қоқыс полигонын салу жөнінде болды.

Айта кетейік, округтегі ағын су мәселесін шешу, тозған каналдарды жөндеу мақсатында тоғандар жаңартылып, лотоктар қойылуда. Бұл жұмыстар «Иррегациялық- дренаждық жүйелерді жетілдіру» («ПУИД-2») бағдарламасы аясында іске асырылуда. Ал мұндағы тоғандардың жалпы ұзындығы 48,2 шақырымды құрайды.

– Мәселелердің бәрін бірден шешу мүмкін емес. Өткен жылы облысты дамытудың кешенді жоспары әзірленіп, онда барлық елді мекендер қамтылды. Соның аясында ауыл-аймақтағы негізгі әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Жергілікті билік пен халық түсінісіп, бірлесіп еңбек етсе, нақты нәтижеге жетуге болады, – деді Нұржан Нұржігітов.

Басқосу барысында ирандық «ЗАО Туннель садд Ариана» компаниясының жоба жетекшісі Эхсан Ходам аудан бойынша аталған жоба шеңберінде 15 шаруашылық каналы және екі коллектор жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол өз сөзінде бұл жұмыстардың барлығы ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқталатынын жеткізді.

Атап өтерлігі, дәл осындай форматтағы халықпен кездесу Балуан Шолақ ауылдық округінде де ұйымдастырылды. Мұнда да округ тұрғындары көкейлерінде жүрген сан сауалына нақты жауап алды. Кездесулерден соң облыс әкімі ауылдықтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Меркі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ақтоған және Т.Рысқұлов ауылдық округтеріне арнайы барып, ондағы жергілікті тұрғындармен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосу барысында облыс әкімі азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту әлеуметтік мәселелердің шешілуіне жол ашатынын баса айтты.

Жиында әуелі Ақтоған ауылдық округінің әкімі Данияр Әбдіразақ баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде хабардар етті. Оның сөзінше, құрамында қос елді мекен бар округ аумағында 85 шаруа қожалығы мен 57 жеке кәсіпкер тіркелген. Мұндағы дәрігерлік амбулатория, медициналық және ветеринариялық пункт, мәдениет үйі, екі мектеп, шағын орталық пен жекеменшік балабақша және «Қазпошта» бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетеді.

– Округ бойынша жалпы жер көлемі 12639,9 гектарды құрайды. Мұндағы 5779,9 гектар егістік жер толығымен игерілуде. Бұған дейін 9 қой және 6 мүйізді ірі қара шаруашылықтары субсидия алды. Қазіргі таңда ондағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Есепті кезеңде 11 дана түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды, – деді округ әкімі.

Бұдан кейін ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Жергілікті тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі жайылым жер, көшелерді жарықтандыру, табиғи газ және экологияға қатысты болды. Нұржан Молдиярұлы барлық сауалдарға жалпы облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, нақты дәлелдермен жауап берді.

Аймақ басшысы Т.Рысқұлов ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесу өткізді. Сұрақ-жауап форматында басталған басқосуда өзекті сауалдар бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді. Нұржан Молдиярұлы барлық сұрақтар назарға алынатынын баса айтты. «Аудан және ауыл әкімдері туындаған мәселелерді шешу бағытындағы жоспарлы жұмыстарын жалғастыруы тиіс.

Айта кету керек, даму жоспары аясында атқарылатын шаралар ел еңсесін көтеруге негізделген. Әрбір ауыл әкімі әр ауланың табысының болуына айрықша мән беруі қажет. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға күш салу керек.

Бұл тұрғыда тұрғындардың сеніміне ие болу аса маңызды. Қос тарап ортақ жауапкершілікті сезінуі керек. Қандай жағдайда да заңдылық пен тәртіп, қоғамдық келісім сақталуы тиіс, – деді Нұржан Нұржігітов.

Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Есен ӨТЕУЛІ

Мойынқұм-Шу-Меркі
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support