- Advertisement -

Сот қаңтар оқиғасының 9 қатысушысына үкім шығарды

160

- Advertisement -

Тараз қаласының №2 сотында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысу, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақыруға, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру (ҚК-нің 272-б. 1,2,3-б., 287-б. 3-б.) бойынша айыпталған 9 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен не анықталды:
Енгізілген шектеулер мен төтенше жағдай режиміне қарамастан, Б., Т., Е., К., Б., Р., Д., К., О. 2022 жылғы қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні өздерінің қоғамға қауіпті іс-әрекеттерін ұғына отырып, қирату, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын қолданумен, содай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға, жаппай тәртіпсіздік жасауға шақырып, оқ-дәрiлердi заңсыз иемденіп, сақтаған, тасымалдаған және алып жүрген ( ҚК-нің  272-б. 2,3-б., 287-б. 3-б.).
Сотталушылардың кінәсі оқиға куәгерлерінің айғақтарымен, бейнежазбалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен өзінің объективті дәлелін тапты.
Сот шешімі:
Сотталушылардың әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және оларды жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотталушыларға жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде — жас балаларының болуын және тұрғылықты жері бойынша оң мінезделуін таныды.
Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы, сондай-ақ Б.-да қылмыстардың қауіпті қайталануын таныды.
Жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, Б.-ға ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, әрекетінде рецидив болуына байланысты жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеуге тағайындалды.
Т.-ға ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, «Рақымшылық туралы» Заңының қолданылуына байланысты  сот залынан босатылды;
К. мен Е.-ге ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. «Рақымшылық туралы» Заңының қолданылуына байланысты жаза мерзімі ¾-ке қысқартылып,  жаза мерзімінің өтелуіне байланысты К.- сот залынан босатылды, ал Е.-ге шартты түрде 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімімен қайтыс болуларына байланысты жаза тағайындалмай, Д., К., О., Р. ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, Б. ҚК-нің 287-б. 3-б. бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау мен алып жүру бойынша кінәлі деп танылды.
ҚК-нің 272-б. 1-б. бойынша Т.-ның, ҚК-нің 287-б. 3-б. бойынша Р.-ның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚПК-нің 35.-б. 1-б. 2-т. негізінде ақталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support