- Advertisement -

Қаламгердіңқос кітабы жарық көрді

63

- Advertisement -

Талас аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Ұлт мақтанышы» медалінің иегері, Жамбыл облысының құрметті ардагері, облыстың «Үздік биі», Талас ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының үздік өлкетанушысы Сәулембай Әбсадықұлы үшаралдық жерлестерімен кездесті. Кездесу аясында қаламгердің «Самал тау» және «Би жазбалары және айтылмаған әңгімелер» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Кездесу барысында алғашқы сөз кезегін алған Жамбыл облысының Құрметті азаматы, облыстық Билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов Сәулембай Әбсадықұлының Талас ауданына ғана емес, Жамбыл облысына белгілі қаламгер екенін, ол елу жылдан бері 40-тан астам кітапты жарыққа шығарып, оқырмандарының ықыласына бөленгенін айтып өтті. Оңласын Қарабайұлы өз сөзінде:

– Қаламгердің кітабының негізгі тақырыбы қазақтың арғы-бергі тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, сіздер мен біздердің өміріміз жайлы толғаныстардан, ой-пікірлерден тұрады. Осы кітаптары арқылы Сәукең халықты тәрбиелеп отыр десем, артық айтқандық емес.

Сәулембай Әбсадықұлы 2021 жылы облыстың «Үздік биі» атанып, жұмыс тәжірибесі республикаға таратылды. Ол Талас ауданының мақтанышы, – дей келе, кеш иесіне шапан жапты.

Келесі кезекте сөз алған облыстық «Ar-Ai» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков Сәулембай ағамен көптен таныс екенін, ол кісінің баспасөз беттерінде жарық көрген әрбір материалын оқырман қауым қызыға оқитынын, үнемі ізденіс үстінде жүретін жанның шығармашылық жолы кімге де болса үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ «Aulieata-media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Оралхан Дәуіттің ыстық ықыласын жеткізіп, облыстық «Aq jol» газетіне – 100 жыл» мерекелік медалін қаламгерге табыстады.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде Оңласын Есіркепов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов және Тұрсынбек Сұлтанбеков лента қиып, мектеп оқушылары өздерінің ән-жырымен қуанышты еселеп, кездесудің ажарын ашты.

Одан кейін Үшарал ауылының қариялары Кәдірбек Тойшыманов, Қыдырәлі Жүнісов және Асанхан Мотаев та жерлес қаламгер туралы естеліктер айтып, жылы лебіз арнады. Үш қария ауыл тұрғындары атынан Сәукеңе шапан жапты.

Сондай-ақ аудан әкімінің баспасөз хатшысы Серік Тәжібаев пен аудандық орталық кітапхананың директоры Шынар Жұмабекова да өздерінің қаламгерге деген ыстық ықыластарын арнап, сый-сияпат жасады. Бұл күні кездесуге қатысқан көпшілік қаламгер Сәулембай Әбсадықұлы туралы көп мағлұматтарға қанықты.

 

Қамысбай САУҚЫМОВ,

журналист.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support