- Advertisement -

Мас күйінде темір тұлпар тізгіндегендер ұсталды

114

- Advertisement -

Тараз қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аумақты тексеру жұмыстары барысында жол ережелерін бұзған 26 және 28 жастағы көлік жүргізушілерін анықтады. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес қос азаматтың ішімдік ішкені анықталған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Облыстық полиция департаментi заңнама талаптарына қатысты қатаң шараларға қарамастан, тараздық көлік жүргізушілер мас күйінде жолға шығуды жалғастырып жатқанын айтып дабыл қағуда. Тәртіп сақшылары жол ережесіне немқұрайдылықпен қарау жүргізушілер мен барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірiне қауіп төндіретiнiн жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support