- Advertisement -

12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді

76

- Advertisement -

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 12 бірлік қару мен 100-ге жуық түрлі калибрлі патрондар табылып, тәркіленген. Суық қарулардың ішінде 2 ұсақ калибрлі «ТОЗ-16», «ТОЗ-8» мылтықтары, «ИЖ-56 Белка» қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы мен 2 шолақ, 7 тегіс ұңғылы мылтық бар.

Тараз қаласының шеткері аумағынан зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр «МР-153» маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылған. Ал Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығының аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі «ТОЗ-16» маркалы мылтық, калибрлі «ИЖ-18Е» маркалы бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленген.

Бұл күні Жамбыл ауданының құмды аумағында орналасқан шаруа қожалығынан калибрі 16 миллиметр «ИЖ-18 ЕМ» маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығы табылған. Қазіргі таңда барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Айта кетейік, жамбылдық полицейлер жыл басынан бері 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркілеген.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support