- Advertisement -

Бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды

74

- Advertisement -

Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды. Сондай-ақ полицейлер 34 қылмыстың ізін суытпай ашқан.

Жалпы, бұл күндері 3 мыңнан астам құқықбұзушылық дерегі анықталған. Оның ішінде ұсақ бұзақылық дерегі – 216, спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болуы фактісі – 273. 674 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 24 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, темір тұлпарды тізгіндеу құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруының 8 дерегі анықталған.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support