- Advertisement -

8 экологиялық қылмыс тіркелді

83

- Advertisement -

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде өңір полицейлері 8 экологиялық қылмысты тіркеді. 20 қазаннан бастап облыс аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде облыста 8 қылмыстық іс тіркелсе, тіркелмеген 21 бірлік атыс қаруы тәркіленген. Бұдан бөлек, 293 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып отыр.

Ал Қордай ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторлары орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай-Жайсан ауданына қарасты Аухатин ауылдық округінің Майбұлақ таулы аймағында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде күзетілетін қорық аймағында жануарды аулады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Тексеру барысында ұсталғандардан еліктің ұшасы (тушасы), 3 аңшылық тегіс ұңғылы қару мен патрондар табылып, тәркіленген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ полицейлер жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 26 фактісін анықтаған. Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген сексеуілді заңсыз кесіп жатқан 35 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің қасынан кесуге тыйым салынған 4 қап ағаш табылды. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастау алып, сот-биологиялық сараптамасы тағайындалған.

 

Есен ӨТЕУЛІ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support