- Advertisement -

Әлеуметтің әлеуетін арттыру маңызды

36

- Advertisement -

Бүгінде елімізде жұртшылықты жұмыспен қамтуға, сол арқылы әлеуметтің әлеуетін арттыруға көптеп көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұдайы Қазақстан халқына Жолдауларында осы мәселеге айрықша назар аударады. Бұл тұрғыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету Тараз қалалық бөліміне де жүктелетін жауапкершілік жоғары.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға тиісті құжаттар мен өтініш Халыққа кызмет көрсету бөлімінен қабылдау, өңдеу және төлем ұйымдастыру мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Бұл қызметтің көрсету тәртібі «Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты» заң актісімен бекітілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету cтандартына сай республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақылардың төлемдері, сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік төлемдер әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

Аталған төлемдерді тағайындау тәртібі қолданыстағы заңдармен және заңнамалармен бекітілген.

Төлем тағайындау құқығына ие болған азаматтар, тұрғылықты мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының халыққа қызмет көрсету бөліміне тиісті құжаттар ұсынып, өтініш береді. Қабылданған өтініштері мен құжаттары электрондық түрде әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімдеріне жолданады.

Әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері өз тарапынан құжаттарға сәйкес әр өтініш иесі бойынша жеке іс-макет қалыптастырып, шешім жобасын дайындайды. Іс-макет қалыптастыру барысында құжаттарға сәйкес төлем мөлшерін есептеп, тиісті мерзімін белгілеп, шешім жобасын дайындайды. Қалыптастырылған іс-макеттері мен дайындалған шешім жобалары электрондық түрде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құзырлы органдардың қарауына жолданады.

Құзырлы органдар тарапынан шешім қабылданғаннан кейін соған сәйкес тиісті төлемдер жүргізіледі. Жалпы, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімдер тарапынан 40-тан астам төлем түрі жүзеге асырылады.

Азаматтардан төлем тағайындауға тиісті құжаттар мен өтініш қабылдау халыққа қызмет көрсету бөлімі тарапынан жүргізілетініне қарамастан, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тараз қалалық бөліміне төлем алушылар әртүрлі сұрақтармен жиі келеді. Келушілердің басым көпшілігі тағайындалған төлем мөлшері, оны есептеу тәртібі секілді мәселелер көтереді.

Осы орайда біздің бөлім қызметкерлерінің қызметтік этика сақтап, келушілерге сапалы қызмет көрсетуі басты назарымызда.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылуда. Ең бастысы – бөлімдер қызметкерлері арасында басшылық тарапынан сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке және қоғамның өркендеуіне кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді.

Оған қоса, жоспарға сәйкес, бөлімдер қызметкерлері арасында, прокуратура, «Аманат» партиясы облыстық филиалы сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің қатысуымен жиналыстар ай сайын өткзіліп келеді. Сондай-ақ келушілерге толық ақпарат алуға барынша қолайлы жағдай жасалған.

Қызметкерлер тарапынан келушілерге заң аясында және қызметтік этиканы басшылыққа ала, туындаған сұрақтарына толық ақпарат беру қажеттілігі үнемі ескертіледі және бұл мәселе үнемі басшылардың назарында. Бөлім ғимаратында келушілерге қолжетімді жерде арыз-шағымға арналған жәшік орнатылған. Бұл жәшікке келіп түскен арыз-шағымды қарау тәртібі филиал директорымен бекітілген.

Стендтерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Орталық аппаратының сенім телефондары орналастырылған және төлемдер тағайындауға, төлеуге қатысты ақпарат алуға болатын байланыс орталығының телефондары көрсетілген.

Қызметкерлер ғана емес, бөлімдердің басшылары да жұмыс уақытысында азаматтарды қабылдайды.

Республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақылардың төлемдері, сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алғысы келген әрбір азамат әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тараз қалалық бөліміне қайырыла алады.

Сонымен қатар филиалдың әлеуметтік еңбек саласындағы ақпараттық кеңес беру қызметін көрсету басқармасының байланыс орталығынан 1414 бірыңғай қысқа нөмірі арқылы қалалық және ұялы телефон арқылы тегін ақпарат алуға болады.

 

Марат ҮЛЕКОВ,

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес

АҚ облыстық филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Тараз қалалық бөлімінің басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support