- Advertisement -

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

49

- Advertisement -

Бүгінгі қоғамның басты дертінің бірі – тұрмыстағы зорлық-зомбылық. Маскүнемдік, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі мен қызғаныш сипатындағы түсініспеушіліктің салдарынан орын алатын оқиғалардан көп жағдайда әйелдер қауымы жапа шегеді. Ал біздің мемлекетіміз үшін нәзік жандыларды қорғау ерекше мәселе.

Жыл басынан бері аудан аумағында 10 айында тұрмыстық қатынаста жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылған. Мәселен, есепті кезеңде 32 тұлға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 73- бабымен көзделген отбасылық қарым-қатынаста құқықбұзушылықтарға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, жанұядағы құқықбұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты 122 қорғау нұсқама шығарылып, 11-і есепке қойылған. Оның ішінде, 5 дерек ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 73-бабына сай келсе, өзгесі 461- бапқа байланысты тіркелген.

Аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Асылбек Мандировтың айтуынша, тұрмыстық қарым-қатынастарда жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, ескерту және жолын кесу тәртіп сақшыларының жіті бақылауында. Ол өз сөзінде бұл мақсатта мүдделі органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың сондай-ақ психологиялық зорлық-зомбылық орталығы өкілдерінің қатысуымен арнайы акциялар ұйымдастырылып, тұрақты түрде кездесулер өткізіліп тұратынын жеткізді.

– Қазіргі таңда аудан көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде. 25 қарашадан бастау алған шара 10 желтоқсан күні түйінделеді. Жалпы, бұл акцияны өткізудегі басты мақсат – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланың құқығын қорғау және қоғамда отбасының рөлін күшейту. Бұған дейін мүдделі органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың сондай-ақ психологиялық зорлық-зомбылық орталығы өкілдерімен 12 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар білім беру мекемелерінде 25 кездесу өтті. Бүгінде отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған екі азаматша мен жеті жасөспірім облыс орталығындағы дағдарыс орталығына орналастырылды, – деді А.Мадиров.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Жуалы ауданы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support