- Advertisement -

Асланбек те, Дулат та финалға шықты

83

- Advertisement -

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатынан сәт сайын жақсы жаңалықтар жетіп жатыр. Осы кезге дейін ерлер арасында 12 боксшымыз жартылай финалға өтіп, медальға қол жеткізіп үлгерген болатын. Енді сол медальдің сапасы да жоғарылап келеді. Тоғыз отандасымыз финалда. Оның ішінде жамбылдық қос жерлесіміз бар.

Атап айтқанда, 71 килограмм салмақта өнер көрсетіп жатқан Асланбек Шымбергенов (жеке бапкері Ермек Ертаев) финалдық кезеңге өтті. Ол жартылай финалда моңғолиялық Бьямберден Отгонбаатардан басым түсті. Енді Азия чемпионы атану үшін ирдониялық Зеяд Ишаишке қарсы сәтті өнер көрсетуге күш салатын болады. Ал 67 килограмм салмақтағы жерлесіміз Дулат Бекбауов та жарап тұр. Сары құрлық бәсекесіне алғаш қатысып жатқанына қарамастан тәжірибелі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің бұл шәкірті де сәтті өнер көрсетуде.

Дулат жартылай финалда өзбекстандық Асадхужи Мудинхуджаевтан 3:2 есебімен басым түсті. Бұл жеңістің оңайға соқпағанын осы көрсеткіштен байқауға болады. Енді Бекбауов алтын жүлде жолында тайландтық Бунжонго Синсиримен шеберлік байқасатын болады. Жерлестеріміздің жеңісті жолын жалғастырарына сеніміміз зор.

 

 Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support