- Advertisement -

Сотталғандар психологтен кеңес алды

98

- Advertisement -

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдеуде әрі олардың бойында мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыруда психологиялық семинар-тренингтердің маңызы зор. Өйткені, мұндай қадамдар сотталғандардың еркін өмірде көпшілікпен тез тіл табысып кетуіне өз септігін тигізеді.

Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде ұйымдастырылған психологиялық тренингке он бес сотталған азамат қатысты. Тренинг барысында психолог маман сотты болғандармен жеке-жеке психологиялық сұхбат жүргізіп, топтық және жеке психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асырды. Бұдан бөлек, тағдыр тәлкегіне түскен азаматтар психологиялық жаттығулар жасап, әртүрлі сауалдарға жауап іздеді.

Айта кетейік, сотталғандардың өз-өзіне зақым келтіруін анықтауда «Ақ сұңқар» психодиагностикалық аппараты айрықша рөл атқарады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support